Басты бет

«Қош келдің – Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді PDF Print Email

2018 жылдың 20 наурыз айында Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінде, П-021 және ТМП -021 топ студенттері мен сынып жетекшілері: Кабулова С.Ж мен Матымбаева А.Ж және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ақылбеков Д.Б ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің – Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді. Жұлдыздар жерге жақындап Күн менен түн теңескен Наурыз мерекесіне арналған іс-шара оқушылардың өнерімен жалғасты. Ұлыстың ұлы күніне арналыған өлеңдер оқылып, ән шашулар мен би өнері тамашаланды. Студенттер мен оқытушылар назарына ұлттық салт-дәстүр сырға салу және тұсау кесу көрсетілді. Наурыз мерекесіне арналған мерекелік салтанатер балалар арасында арқан тарту мен қыз балалар арасында қазақша би сайысымен жалғасып, жеңімпаздарға жүлделі сыйлық берілді. 

2ч3чсясч.jpg2чв3чсясч.jpg


Мерекелік іс-шарада ұлттық тағам наурыз көже, тәттілер таратылып, келген қонақтар ауыз тиді. П-021 және ТМП-021 топтарының ұйымдастырған наурыз мейрамы қызықты әсерлі ұйымшылдықпен өтіп, мерекенің соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж