«Қош келдің – Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді |
![]() |
![]() |
![]() |
2018 жылдың 20 наурыз айында Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінде, П-021 және ТМП -021 топ студенттері мен сынып жетекшілері: Кабулова С.Ж мен Матымбаева А.Ж және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ақылбеков Д.Б ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің – Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді. Жұлдыздар жерге жақындап Күн менен түн теңескен Наурыз мерекесіне арналған іс-шара оқушылардың өнерімен жалғасты. Ұлыстың ұлы күніне арналыған өлеңдер оқылып, ән шашулар мен би өнері тамашаланды. Студенттер мен оқытушылар назарына ұлттық салт-дәстүр сырға салу және тұсау кесу көрсетілді. Наурыз мерекесіне арналған мерекелік салтанатер балалар арасында арқан тарту мен қыз балалар арасында қазақша би сайысымен жалғасып, жеңімпаздарға жүлделі сыйлық берілді.
|