Басты бет

«Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты интеллектуалдық ойын PDF Print Email

10.04.2019 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне апталығына арналған «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.Сайысқа 3 топ қатысты: «Сұңқар» тобы –ТМП -011, –ХМУ -011, «Болашақ» тобы –ПП -011 тобының оқушылары. Іс –шараның мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,сөйлеу шеберлігін жетілдіру.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу. Ойын 5 айналымнан тұрады.

55.jpg5вчссчссч3ччсяысч.jpg


1- айналым «Ұшқыр ой» –мұнда оқушыларға қазақ тілінен сұрақтар қойылады. Жылдам ,нақты жауап беру керек.
2-айналым «Құпия сандық» –жұмбақ жасырылып, оның шешуін үш тілде айту керек.
3-айналым « Қиял әлемі» –тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру қажет.
4- айналым «Айшықты сөздер» –бұл айналымда тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын анықтау.
5- айналым «Талапкер» – өлең жолдары беріледі,көп нүктенің орнына сөздер қойып,өлең құрастыру керек. «Кім жүйрік ойға, сол алда» дегендей ,бүгінгі сайыстың жүлдегерлері «Болашақ» тобы -І орын, «Тұлпар» тобы» -ІІ орын, «Сұңқар» тобы - ІІІ орын анықталып,марапатталды.

 

5вчссчссч3сччсяысч.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж