«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Абай сөзі – ұлттық қазына» |
Мақсаты: білім алушылардың Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге жәрдемдесу, өскелең ұрпақ үшін Абай шығармаларының маңыздылығын көрсету.
№4 ҚК меңгерушісі Мухтарханова Г.Д. балаларға Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналған көрме, оның ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуындағы рөлін айтып өтті.
Таукешова М.А. Абай-ақын, Абай-ойщыл өмірі мен шығармашылығы, «Қара сөздер» кітабы туралы айтты. «Абай «Қара сөздерінде» өмірдің мәні туралы толғанады, жастарға кеңес береді, адамдардың кеселдерін әшкере етеді, адамның өнегелі қасиеттерін насихаттайды», - деп атап өтті. Білім алушылармен Бірінші қара сөзді талқыланды. Беисова Г.К. Абай және Абай туралы шығармалармен таныстырды, халыққа деген сүйіспеншілік бейнеленген «Лирика и поэмы», «Өлең-сөздің патшасы» кітаптарына ерекше көңіл бөлді. Іс-шара рухани-адамгершілік сипатқа ие, ұлы ақын мен ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармашылығына сүйіспеншілік пен құрметті баулиды. Жасөспірімдерде азаматтық және патриоттық сезімдерді тәрбиелейді. |