Басты бет

«Әл-Фарабидің таңғажайып әлемі» PDF Print Email

27.10.2019 жылы Технологиялық колледждің оқу залында М.А. Таукешова Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдығына арналған «Әл-Фарабидің таңғажайып әлемі» атты конференциясын өткізді.

Мақсаты: білім алушыларды әл-Фарабидің шығармашылық өмірбаянымен, дүниетанымымен, ғылым, медицина, педагогикаға қосқан үлесімен таныстыру.

Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ислам әлеміндегі ғұлама ортағасырлық ғалымдардың бірі болды. Ол философия, математика, музыка теориясы сияқты ғылымдарға өз үлесін қосты. Оны Аристотельден кейін «екінші ұстаз» деп атады.

Жүргізушілер (Абылканова А. ТМП-021, Серикова К.,) ғалым туралы мазмұнды мағлұмат ұсынды. 1-2 курс білім алушылары (Толеубай А., ПП-021, Поспелова М., ТМП-021, Хайрулина Р., ТМП-021, Юсипова Л., ТМП-011, Исупов А., ТМП-011) әл-Фарабидің педагогикаға, медицинаға, астрологияға, мәдениетке және т.б. қосқан үлесі туралы ғылыми баяндамалар дайындады.
Кітапхана меңгерушісі Г.К. Беисова әл-Фарабидің кітаптары мен мақалаларының көрмесімен таныстырды. М.А. Таукешова жаппай әңгімелесу мен рефлексияны өткізді. Іс-шара білім алушылардың ой-өрісін кеңейтеді және зерттеу жұмысына қызығушылығын оятады.

684а68яч.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж