Басты бет

ҚР тәуелсіздігінің 29-жылдығына және Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық патриоттық спартакиада PDF Print Email

Жоғары басшылықпен бекітілген жыл сайынғы жоспар мен ереже негізінде 13.12.2019 жылы Павлодар монтаждау колледжінде ҚР тәуелсіздігінің 29-жылдығына арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша патриоттық жарыс өткізілді. АӘД ұйымдастырушысы, запастағы капитан Марат Алмасбекович Махавтың басшылығымен біздің Павлодар технологиялық колледж командасы осы сайысқа дайындалды және тәжірибелік жаттығу өткізді. «Жасбүркіт» әскери-патриоттық үйірмесінің қатысушылары біздің колледжді құлшыныспен көрсетті. Команда құрамына Латков Даниил, Жарылғасын Ибрагим, Жалғасын Сұнғат, Темиргалин Ислам, Сайдахмет Мағжан, Жамбуршин Жанибек енді. Бұл жарыстар алдын ала жеребе тастау арқылы 5 кезең бойынша өтті. Келесідей кезеңдер болды: оқ атудан сайыс, АК-74 автоматын бөлшектеу мен жинау, жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, автомат оқжатарын жабдықтау, уақытқа еденнен қолды бүгу-жазу. Балалар өз қатысумен өз Отанының лайықты патриоты және болашақ қорғаушылары екендігін дәлелдеді. Жарыс кезінде біздің білім алушылар жүлделі орындар иеленуге күш салды, олардың талпынысы зая кетпеді. Біздің білім алушылар «Қыран-2019» облыстық жарысына дайындалу мен өткізуге зор құлшыныспен қарады, рух күшімен жоғары нәтижелерге қол жеткізді және лайықты жалпы командалық 9-орынды иеленді. Команда мен Павлодар технологиялық колледжі мүддесінің ресми өкілі ретінде АӘД ұйымдастырушы-оқытушысы, запастағы капитан Махаев Марат Алмасбекович барды. Жарыс жоғары деңгейде өтті, осы жарысқа қатысқан әскери-спорттық командалар іс-шара барысында қолдан келерлік көмек пен әскери достық көрсете отырып, бір-біріне жылы шырай танытты.

684634635опроро5564.jpg 

 

 

АӘД ұйымдастырушы-оқытушысы, запастағы капитан М.Махаев

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж