Басты бет

«Абай, Пушкин, Шекспир» әдеби кеші PDF Print Email


12.12.2019 жылы Технологиялық колледждің оқу залында М.А. Таукешова, М.С. Сейткалиева және тіл пәндерінің ЦӘК оқытушылары «Абай, Пушкин, Шекспир» әдеби кешін өткізді. Мақсаты: ақындар шығармашылығымен таныстыру, Сөз өнеріне тарту, білім алушылардың рухани қалыптасуына жәрдемдесу, шығармашылық ойлауды дамыту. Іс-шара үш тілде өтті: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Жүргізушілер Жарылгасынулы Сунгат, Коноплева Ульяна, Белик Кристина, Лахонин Абай, Пушкин, Шекспирдің шығармашылықтары бойынша қызықты және мәнді мағлұматты ұсынды. Ұлы ақындардың өлеңдері, Онегиннің Татьянаға жазған хатының қазақ тіліндегі аудармасы, Шекспир сонетталары орыс және ағылшын тілдерінде оқылды, ақын шығармалары сахналанды. Кітапхана меңгерушісі Г.К. Беисова «Абай, Пушкин, Шекспир» атты кітаптар көрмесімен таныстырды. Іс-шараның танымдық және тәрбиелік мәні бар.

 

72160939_547964885787116_1435837935239390587_n.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж