Басты бет

Қазақстан – Норвегия шеңберіндегі он – лайн шеберлік - сыныбы PDF Print Email

 

2012 жылғы 22 қазанда  Қазақстан-Норвегия жобасы шеңберінде Облыс білім берудің ақпараттық технологиялар Орталығының базасында  Рогаланд (Норвегия) округінің  Кәсіптік даярлау орталығымен   «Қалай автомеханик болуымыз керек?» атты кезекті он-лайн шеберлік - сыныбы өтті.

 

Он-лайн шеберлік – сыныбына өндірстік оқытудың шебері Свайв – Улав Скрегелид, Қазақстандағы жобаның менеджері Руне Торсен, сол сияқты  Павлодар технологиялық колледжі,  машина жасау колледжі және химия – мехникалық колледжінің  өкілдері қатысты.

Бейне- конференция шеңберінде «Автомеханика» мамандығы бойынша кәсіптік білім беруге норвегиялық жүйе моделін енгізуге байланысты мәселелер талқыланды. Сол сияқты осы мамандық бойынша оқу жоспарының құрылымы, шеберхана жұмыстары жөнінде сөз қозғалды.Ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктері жөнінде бір мезгілде он – лайнға қосыла отыра Ставангер (Норвегия), Павлодар, Өскемен, Петропавл қалалары қосылды.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж