Басты бет

Омбы қ. кәсіптік орта білім беру мекемелері студенттерінің кәсіби шеберлік олимпиадасы PDF Print Email
Омбы қ. кәсіптік орта білім беру мекемелері студенттерінің
кәсіби шеберлік олимпиадасы

Шекаралас ынтымақтастық шеңберінде «Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша оқитын Павлодар технологиялық колледжінің командасы Омбы облысының кәсіптік орта білім беру мекемелері студенттерінің кәсіби шеберлік олимпиадасына қатысты. Олимпиада 2013 жылғы 29 наурызда Омбы қ. «Омбы сауда, экономика және сервис колледжі» базасында өтті. Сол сияқты олимпидаға Омбы экономикалық институтының және Омбы сауда, экономика және сервис колледжінің студенттері қатысты. Технологиялық колледж командасының құрамына келесі оқушылар енді: Сапешко Андрей (ОП -21тобы), Қалиақпаров Ринат (П-31), Сироткин Алексей (П-43), топтың жетекшісі арнайы пәндерінің оқытушысы Қаирова Ақбота Имантайқызы болып табылды.
Олимпиада бітіруші мамандардың дайындық деңгейінің сапасын айқындау, орта кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің шеберліктерін әрі қарай жетілдіру, шығармашылық жағынан өсуді ынталандыру, білім беру мекемелерінің мәртебесін арттыру мақсатында өткізілді.
Әділқазылар алқасына Омбы кулинарлар Ассоциациясының өкілдері кірді.
Технологиялық колледж командасы барлық  тапсырмаларды бұлжытпай орындады. Нәтижесінде колледж командасы 1 орынға ие болды және КОББ директорлары Кеңесінің Облыстық қоғамдық ұйымының төрағасы- И.И. Кучеренко, сол сияқты Омбы облысының «Кулинарлар Ассоциациясы» қоғамдық ұйымының Президенті С. Л. Галкинаның қолтаңбасымен диплом алды.
Директордың ПО бойынша орынбасары Д.Т. Байтлесова
 
© 2008 Павлодарский технологический колледж