Басты бет

«Отбасын құру – жеңіл ме әлде қиын ба?» дөңгелек стөлі өткізілді PDF Print Email
2013 жылғы 23 мамырда жылжымайтын мүлік орталығының актілік залында «Отбасын құру – жеңіл ме әлде қиын ба?»  атты дөңгелек стөлі өтті. Оны Павлодар облысының ішкі істер департаменті ұйымдастырды. Іс-шара «Әйел адам-отбасының, мемлекеттің тірегі» атты республикалық акция шеңберінде өткізілді.
Отырыстың мақсаты отбасылық – тұрмыстық қатынас саласында психологиялық және әлеуметтік құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Дөңгелек стөлдің қатысушылары Павлодар технологиялық және педагогикалық колледждерінің студенттері болды. 
Іс-шараның басында Павлодар қ. Әділет Басқармасының басшысы Д.Д.Әкімбеков сөз сөйледі. Кейіннен Павлодар қ.АХАЖ бөлімінің бас маманы Ж.Қ.Қабылқанова сөз алды. Некені қалай тіркеу керектігі жөнінде айтып  өтті.

Отырыс барысында залда екі команда жұмыс істеді. Екі командаға да «Отбасы» тақырыбында коллаж істеу керек болды.

Команданың студенттері өз жұмыстарын ұсынды, олар әйел-адамның, не болмаса ер адамның отбасындағы рөліне тоқталды.

 

Дир.ТЖ жөніндегі орынбасары :    Козлова Т.В.

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж