Басты бет

Технологиялық колледжде өткен он – лайн семинар PDF Print Email

2013 жылғы 4 маусымда Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас аудандары арасында ынтымақтастық туралы қолданыстағы келісімшартты іске асыру барысындағы іс – шаралар шеңберінде «Оқу үдерісінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану» атты он – лайн семинар өтті. Семинарға технологиялық колледжі және Омбы экономика, сауда және сервис колледжінің оқытушылары қатысты. Семинардың негізгі мақсаты оқу үдерісінде қолданатын ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қарастыру және оларды қолдану саласында тәжірибе алмасу болып табылады. 

Семинарда Технологиялық колледждің оқытушылары сөз сөйледі. «Материалтану» пәні бойынша виртуалдық зертхана» атты тақырыпта

 

Б. Б. Байсельдинова., «Химия сабақтарында Xplorer GLX құралын қолдану» атты тақырапта А. Ж. Қалиева баяндама жасады. Семинар барысында «Білім беру үдерісінде  «Corel Draw X3» қолдану» электрондық оқу құралдарына презентация жасады.- М. М. Ахметова.,  «Ас даярлау технологиясы» - В. П. Иманакова.

Омбы экономика, сауда және сервис колледжінің оқытушысы О. А. Волкова «Колледжде білім беру контентінқалыптастыру» атты баяндамасында  MOODLE модульдік объектілік – бағдарлау жүйесінің негізінде ЭОӘК әзірлеу бойынша сараптама жұмысын енгізумен тәжірибе алмасты.

Семинар шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында заманауи инновациялық  технологияларды енгізуге байланысты мәселелер талқыланды. Тараптар инновациялық технологияларды енгізу саласында кәсіби ынтымақтастықтың әрі қарай пайдаға асатын жолдарын ортаға салды.

Дир. ПО бойынша орынбасары:      Д.Т.Байтлесова

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж