Басты бет

«Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» облыстық байқауының жүлдегері PDF Print Email

Павлодар технологиялық колледжінің ресми сайты  Павлодар облысы білім беру басқармасы мен тілдерді дамыту басқармасы өткізіп отырған «Мемлекеттік тілдегі ең үздік білім беру сайты» атты облыстық байқауға қатысты. Байқаудың мақсаты – ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдықтарын арттыру, Білім беретін Web – сайттардың қызметін мемлекеттік тілде толық түрде дамыту.

Байқау екі кезеңнен тұрды:

 

1 кезең: Осы жылғы мамырдың 1-нен   маусымның 1-не дейінгі  аралықта білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар Орталығына сайтқа қатысу туралы мәлімдеме беріп, тіркелу.

 

2 кезең: Маусымның 3-нен 7-не дейін қойылған талаптарға сәйкес Web – сайттарды конкурстық бағалау.

 

            10 маусымда Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар Орталығында сайтқа жауапты әкімшілер Т. З. Аленова  мен Д. Т. Байтлесова, сол сияқты сайттың мазмұнына жауапты Р. Г. Мұхамедеева әділқазылар алқасының алдында колледж сайтына презентация жасады. Байқаудың қорытындысы бойынша Павлодар технологиялық колледжінің ресми сайты  2 орынға ие болды.

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж