Басты бет

«Инфоурок» қашықтық олимпиадасы PDF Print Email

Жаппай қашықтық олимпиадаларына қатысу Павлодар технологиялық колледжінің оқушылары үшін дәстүрлі жағдайға айналды. Қазан айының 19-нан бастап 23-не дейін бірінші – үшінші курстарының 229 оқушылары Рессей Федерациясының Смоленск қаласындағы «Инфоурок» ЖШҚ ұйымдастырылған, халықаралық қашықтықтағы жарысқа қатысты. Жарыс 16 жалпы білім беру пәндері бойынша өтті. Колледж студенттері математиканы, орыс тілін, орыс әдебиетін, физиканы, ағылшын тілін, географияны, қоғамтануды, информатиканы, биология және химияны таңдады.

Жүлделі орындарға 86 студент ие болды, соның ішінде I орынды 17 студент, II орынды - 35 студент, III орынды 34 студент алды. Барлық оқушыларға жарысқа қатысқанын растайтын сертификаттар берілді.

Жарыс тапсырмалары шығармашылық сипат кейіпінде және негізгі білім мен шеберлілікті анықтауға бағытталған болды. Оқушылар «Ағылшын тілі» пәніне көп қызығушық білдірді. Олимиадаға бұл пәннен 50 студент қатысып, соның ішінде I орынға – 10 оқушы, II орынға – 11 оқушы, III орынға – 5 оқушы ие болды .

   Оқушылардың жарысқа қатысуын 14 оқытушы жүзеге асырды. Жетекшілердің барлығы жарысты өткізуді ұйымдастыруда ат салысқаны үшін алғыспен белгіленді. Жеңіскерлерді дайындағаны үшін 10 оқытушыға куәлік берілді.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж