Басты бет

Павлодар қаласы АӘД оқытушы-ұйымдастырушыларына «Жердің тактикалық макетінде тәжірибе жұмысы» тақырыбы бойынша семинар-практикум PDF Print Email

      3 желтоқсанда Павлодар қаласы №16 орта мектептің базасында «Жердің тактикалық макетінде тәжірибе жұмысы» тақырыбы бойынша семинар-практикум өтті.

       Семинар жаңа техникалық жетістіктерді жетік білетін,  жердің тактикалық макетін қолдануда білімі мен біліктілігіне  сүйеніп сабақ жүргізе алатын АӘД оқытушы-ұйымдастырушысына қойылатын  жаңа талаптарға байланысты өткізілді.Семинарды Павлодар қаласы АӘД жөніндегі әдіскері Назымбек Жапишевич Тасбаев ашып, жердің тактикалық макетін қолданып сабақ өткізудегі қойылатын талаптарды атап өтті.

452452452

 

128456284628

    Семинар-практикумды Павлодар технологиялық колледжінің оқытушы-ұйымдастырушысы Серик Саденович Тайлақов дайындады.Оқытуда көрнекті құралдарды пайдалану принціпін іске асыру және пәнді оқытуда оқушылардың қызығушылығын дамытуды арттыруда АӘД кабинетінде сәйкес масштабта жер макетінің қажеттілігі ескерілді. Семинар-практикум барысында тыңдаушылардың базалық білімдерін анықтау және семинар жұмысында уәждеме арттыру мақсатында әскери топография бойынша білім мониторингі өткізілді.Әртүрлі  жойғыш заттармен оқ ату кезеңдерін анықтау әдістемесін №16 ЖОМ АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы  Юрий Павлович Дорденко көрсетті.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж