Басты бет

Химия және биология оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі отырысы PDF Print Email

      2015 жылдың 30 қаңтарында Павлодар технологиялық колледж базасында «Химия және биология пәндерін оқытуда ақпараттық-технологиялық және интерактивті технологияларды қолдану» тақырыбында химия және биология оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі отырысы өтті.

5120120152541         20420452452

Күн тәртібінде бес мәселе қаралды:

  1.«Химия және биология пәндерін оқытуда ақпараттық-технологиялық және интерактивті технологияларды қолдану» ерекшеліктері.

        2.Химия пәнін оқытуда білім беру мультимедиялық жүйелері.

  3.«Power Point» бағдарламасында жасалған тестілеу мен жаттықтыруларды биология сабақтарында қолдану.

   4.«Googl сервисінде бақылау-өлшеу материалдарын жасау мастер-класы.

    5.ТжКБ оқушыларына химия пәндері бойынша Облыстық олимпиада ұйымдастыру және өткізу туралы.

 

624835410354

     Павлодар технологиялық колледжінің химия пәні оқытушысы А.Ж.Калиева өз сөзінде химия және биология пәндерін оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың мақсатын, негізгі бағыттарын, тәсілдерін, мүмкіндіктерді атап өтті.Физикалық және коллойдты химия пәндерінде қолданатын флипчарттар мен таныстырылымдар көрсетіліп, сабақтарда ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдануда өз тәжірибесімен бөлісті.

  Павлодар технологиялық колледжінің  биология пәні оқытушысы Г.С.Аспанова химияны оқытуда білім беру мультимедиялық жүйелерді қолданудың негізгі кезеңдерін атап өтті. Органикалық химия пәнін оқытуда БМЖ қолданудағы тәжірибесімен бөлісті.

 

68462842685425

     Облыстық секция жетекшісі А.Ж.Калиева ТжКБ оқушылары үшін химия пәндері бойынша Облыстық олимпиада өткізуге ұсыныс жасады.

 

 


0682428543846

    Қатысушылар мамандықтар бойынша химия пәнін оқытуға бөлінген  сағаттардың аз екенін ескеріп, олимпиада өткізу тиімсіз екенін айтты.

Нәтижесінде қабылданған шешім:

  1.Химия және биология пәндерін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологияларды енгізуді жалғастыру;

   2.Наурыз айында химия, биология, экология, валеология пәндерін қамтитын бірлескен сайыс өткізу;

  Жалпы, отырыс нәтижелі өткізілді.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж