Басты бет

Бейбітшілік пен жасампаздыққа 20 жыл! PDF Print Email

   15284526845264

   

    10 ақпанда колледжде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған  «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 20 жыл!» дөңгелек үстел отырысы өтті.

    Бұл шара Қазақстан этностарын жұмылдыру жолымен, азаматтық және рухани-мәдени ортақтастығы арқылы  қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

 

64863846348

 

     Аталған шараға Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Сейсенбай Қалижанович Жетпісбаев,  Шешен-ұңғыш этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Шамиль Шахидович Джабраилов,  Жастар бірлестігі Кеңесінің төрағасы Элина Сергеевна Паули шақырылды.

 

6484634863

 

Отырыс алдында директор Қ.Қ.Капенов сөз сөйледі.

 

948598484664565

 

  Ары қарай таныстырылым түрінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы» баяндамасы тыңдалды.

 

463843654638

 

     Осыдан кейін Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Сейсенбай Қалижанович Жетпісбаевқа сөз берілді. Ол студенттерге Павлодар облысы Ассамблеясының жұмысы туралы айтып берді. «Бір шаңырақ астында!» фильмі көрсетілді.

   Ары қарай Шешен-ұңғыш этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Шамиль Шахидович Джабраилов сөз сөйледі.

 

654686545454

   

    Ары қарай ҚХА Жастар бірлестігі Кеңесінің төрағасы Элина Сергеевна Паули сөз сөйледі .Элина Сергеевна жастар бірлестігінің жұмысы туралы әңгімелеп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

654686545454

 

    Шара соңында этномәдени бірлестіктерінің қатысушылары ән айтып, өнерлерін көрсетті.

 

  645163825463    44458996

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж