«Ең үздік кабинет - 2015» |
![]() |
![]() |
![]() |
Оқу-тәрбие процесінің белсенділігін арттыру мақсатында 15-20 қаңтар аралығында «Ең үздік кабинет» байқау-сайысы өткізілді. Кабинеттерді бағалау келесі критерийлер бойынша жасалды: 1. Кабинет құжаттамасы: кабинет паспорты, оқу - жоспарлау құжаттамасы; 2. кабинет кітапханасы; 3. тақырыптық папкалар; 4. оқушылардың өздік шығармашылық жұмыстарына арналған материалдар; 5. топпен жұмыс; 6. пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар; 7. оқытудың заманауи техникалық құралдары; 8. техникалық қауіпсіздік: техникалық қауіпсіздік бойынша журналдар; 9. кабинетті жабдықтау: стационарлық стендтердің болуы, өсімдік, гүл отырғызу, эстетикалығы, материалдық-техникалық базаны дамытуда оқытушының үлесі; кабинет санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы; Педагогикалық Кеңесте сайыс жеңіскерлері жарияланды.
1 орын - №315 кабинет, меңгерушісі Айша Жылқыбаевна Айтпаева;
2 орын - №316 кабинет, меңгерушісі Зоя Тимофеевна Маусымбаева;
3 орын - №303 кабинет, меңгерушісі Динара Темирбаевна Байтлесова.
Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар берілді. |