Басты бет

Физика әлеміне саяхат PDF Print Email

2015 жылдың 12 ақпан күні, физика  пәнінің  оқытушысы К.Н. Серикпаева І-курс оқушылары арасында  «Физика әлеміне саяхат» атты сайыс өткізді. Сайысқа П-11, ПП-11 және АУП- 11 топтардың оқушылары қатысты.

       Сайыстың мақсаты:

Жалпы физика пәні бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау, ой- өрісін кеңейтетін тұжырымдар жасату және білімдерін тереңдету. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын айта білуге үйрету, шығармашылық қабілетін және ой ұшқырлығын дамыту.

       Сайысқа «Эврика», «Джоуль» және «Диод» атты командалары қатысты. Сайыс 7 кезеңнен тұрды: «Дұрыс жолды тап», «Театрлық», «Теориялық», «Физикалық тарих»,  «Күрделіден қарапайымға», «Физикалық шамалар» және «Анаграмма».

Берілген әр сайыстың тапсырмаларына  барлық топ белсене қатысып, студенттер білімдерін жоғарғы деңгейде көрсетті. Аталған топтардан, ПП-11 тобы жеңіске жетіп, І-ші орынды иеленді. АУП-11 тобы, ІІ-ші орынға шықты, П-11 тобы ІІІ-ші орынды иеленді.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж