Басты бет

«Жаратылыстану-ғылыми калейдоскоп» облыстық конкурсы PDF Print Email

    2015 жылғы 27 наурызда Павлодар технологиялық колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 - 2 курс студенттері  үшін химия, биология, экология және валеология бойынша облыстық «Жаратылыстану-ғылыми калейдоскоп» интеграцияланған конкурс өтті. Конкурсты Павлодар облысы білім беру басқармасының қолдауымен колледждердің химия оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі ұйымдастырып, өткізді. Конкурсқа облыс колледждерінен 8 команда және «Жасыл ел - Ақсу» командасы қатысты, оның құрамына Ақсу қаласы екі колледжінің студенттері кірді.
    Конкурс төрт турдан команданың таныстырылуы; интеллектуалдық тур - химия, биология, экология және валеологиямектеп курсынан теориялық сұрақтар, Павлодар аймағының химия, экология бойынша сұрақтар; шығармашылық конкурс (үй тапсырмасы) – «Менің Ертіс жағалауым» көңілді тапқыштар отауы (КТО) командалары өз аймақтарын жаратылыстану ғылымдары тұрғысынан таныстырды және «Экология және денсаулық» тақырыбына бейнероликтер конкурсы. 
    Конкурсқа қатысушылар өздерінің шығармашылық қабылеттерін көрсетті. Авторлар өз репортажында қызықты фактілер туралы айтып берді, қала тұрғындарынан сұхбат алды. Ақпараттар таңдау, бейнесюжеттер түсірілімі, материалдарды өңдеу – мұның бәрі бастамашыл топқа рух берді, жалпыкомандалық күш пен жақсы көңіл-күй сыйлады. 
  Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздар анықталды: Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледждің «Қырандар» командасы І орын, Ақсу қаласының «Жасыл ел - Ақсу» командасы ІІ орында, Павлодар медициналық колледжінің «Ақ халаттылар» және Екібастұз медициналық колледжінің «БИОС» командалары ІІІ орынды бөлісті.
  Жеңімпаздар дипломдар және құнды сыйлықтармен марапатталды, қатысушылар сертификаттар алды.

1

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж