Басты бет

Көпмәдениетті кеңістікте тұлғааралық және ұлтаралық қатынастар аясында жастардың бойында мейірім мен ізгілікті тәрбиелеу PDF Print Email

2015 жылғы 28 мамырда біздің колледж «Көпмәдениетті кеңістікте тұлғааралық және ұлтаралық қатынастар аясында жастардың бойында мейірім мен ізгілікті тәрбиелеу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

     Конференцияны ұйымдастырған Чуваш Республикасы. Қатысқан Ресей, Украина, Израиль, Германия және Қазақстан мемлекеттері.Ұйымдастырушылар дайындығы өте жақсы болды, онлайн режімінде барлық қатысушылармен дайындық өткізілді. Шетел және ТМД елдерінен 13 қатысушы болды.

             Бізге Қазақстанды ұсыну мүмкіндігі тиді. Біздің колледжден екі жұмыс жіберілді: «Павлодар технологиялық колледжі оқушыларында мейірім мен ізгілікті қалыптастыру арқылы төзімділікті тәрбиелеу» тақырыбында тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Т.В.Козлованың  және «Көркем әдебиет оқу арқылы жасөспірімдерде өнегелі тұлға қасиеттерін тәрбиелеу» тақырыбында оқытушы М.А.Таукешованың баяндамалары.

       Т.В.Козлованың баяндамасы онлайн режімінде таныстыру көрсетіліп оқылды.

11288932032

 

Конференция қатысушыларына сертификаттар берілді, жұмыстары осы іс-шараның жинағына кіріп, кейін оқу орнының мекенжайына жіберіледі.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж