Қазақстан Республикасының рәміздері – ұлттық мақтанышымыз! |
![]() |
![]() |
![]() |
4 маусым – Қазақстан Республикасы рәміздерінің күні.Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің іргесін қалауымен байланысты, тарихи тамыры тереңде жатқан бірегей қоғамдық феномен.Мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселесі барлық елдерде мемлекеттіктің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жандандыру – Қазақстан дамуының басты векторы» Қазақстан халқына Жолдауында патриоттық, моральдық және рухани қасиетке баулу арқылы тәрбие үрдісін күшейтуді атап өтті.
Мемлекеттік символдар біздің егеменді еліміздің басты негізі, Тәуелсіздік пен Мемлекеттігіміз ұлтымызды сақтап қалудың алғышарты деп білеміз. 3 маусымда мемлекеттік рәміздер күніне орай Павлодар технологиялық колледжінде «Қазақстан Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында конференция өтті.
Мейрамның басты мақсаты - қазақстандық патриотизмді, рухани, Отанға деген сүйіспеншілік, өткені мен болашағы үшін мақтаныш, ел мүддесін қорғау сезіміне баулу. ТІ жөніндегі директордың орынбасары Т.В.Козлова және оқытушы Д.Т.Байтлесова өткізілген шараның модераторлары болды.
Шараны өткізу барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихы туралы әңгімелеп, «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы»ҚР Заңын сақтау қажеттілігін атап өтті. Барлық қатысушылар диплом және алғыс хаттармен марапатталды.
Байтлесова Д.Т. |