Главная страница

«Конституцияның ең үздік білгірі» атты байқау PDF Печать E-mail

2015 ж. 9 желтоқсан күні колледжде өтіп жатқан Әлеуметтік-экономикалық пәндер циклдық-әдістемелік комиссия декадасының аясында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай «Конституцияның ең үздік білгірі» атты байқау өткізілді.

 

 

 

 

 

168654135

 

Аталған іс-шараның басты мақсаты жас ұрпақтың бойына қазақстандық Отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу болды.

Іс-шараға колледждің оқу-ісі жөніндегі директор орынбасары Бектурганова Ш.У., әдіскер Таянышева С.Н., Әлеуметтік-экономикалық пәндер комиссиясының төрайымы Байтлесова Д.Т., колледж оқытушылары Иманбаева А.М., Сапаргалиева А.С., Карибаева Г.И., Ниярова К.С., Серикпаева К.Н., Матанова М.К. қатысты.

 

684156841

Байқауға ХМУ-41 мен ПМ-31 топ студенттері қатысты. Іс-шараның барысында оқушылар ҚР конституциялық құрылымы, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, Президент, Парламент, Үкімет, сот жүйесі туралы оқушылардың білімдерін ортаға салып, өздерінің білімдерін көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша ХМУ-41 топ жеңіске жетті.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж