Басты бет

«Виват, педагог!» фестивалі PDF Print Email

 2016 жылғы 25 – 26 ақпан аралығында колледжде әдістемелік кабинеттің бастамасымен «Виват, педагог!» педагогикалық табыстар фестивалі өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану бойынша педагогтардың қызметін белсендіру, бастамашыл оқытушылардың ынтымақтастығына жағдай жасау, педагогтарды инновациялық шығармашылық қызметке бағыттау, жалпыға ортақ инновациялық тәжірибе банкін жасау.

Фестивальдің бірінші күні тәжірибесі 10 жылдан астам оқытушылар, екінші күні тәжірибесі 10 жылға дейін жас оқытушылар қатысты. Әрбір оқытушы өзінің педагогикалық қызметінің тәжірибесін ұсынды (ноу-хау).  

      Барлығы 16 педагог қатысты. Әрбір оқытушының өнері ұмытылмас әсер қалдырды.

Фестиваль әрбір педагогтың жаңа қырын ашып, шығармашылық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді, ұжымды біріктіруге ықпал жасады.

Барлық қатысушылар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

61565  51065320

 

65065320  652068

 

68526898   4542

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж