Басты бет

«Art-Cake» конкурсы PDF Print Email

2016 жылғы 27 ақпанда Павлодар технологиялық колледж оқушылары ҚР Тәуелсіздігіне  25 жыл толуына арналған «Art-Cake» конкурсына қатысты. Конкурсты ұйымдастырушы Павлодар облысы жастар саясаты жөніндегі басқармасының «Жастар белсендігін дамыту орталығы» КМҚМ. Конкурстың мақсаты -  жастардың қызығушылығын арттыру арқылы түрлі форматтағы іс-шараларға қатыстыру.

Конкурсқа Павлодар қаласының оқу орындары мен жастар бірлестіктерінен 11 команда қатысты. Барлық командалар өздерінің шығармашылығын ұсынды. «Жастар белсендігін дамыту орталығы» КМҚМ директоры Садыкова Айгуль, жеке кәсіпкер кулинарлық цехтің директоры Шолпан Айтбаева, орталықтың маманы Мукашева Асия бастаған білікті қазылар алқасы студенттердің жұмысын бағалады.

П-23 тобының төрт оқушысынан құрылған колледж командасы -  Ермағанбетова Арайлым, Үсен Гаухар, Мақсұт Бағлан, Абдурахимова Бегзода, өндірістік оқыту шебері Айгерім Қаршығаевна Данкинаның жетекшілігімен торт әзірледі. Тортты безендіру ҚР Тәуелсіздігінің  25-жылдығына сәйкес болды.    

 

651651685  81265

 

Ұсыну қызықты үлгіде жасалды: бейне таспа, торттың технологиялық картасының ауызша таныстырылымы.  Оқушы  Мақсұт Бағлан өзі жазған өлеңін көпшілік назарына  ұсынып,  Ермаганбетова Арайлым  «Қазақ жері осындай» әнін орындады.  

561651 9841681685

Барлық тағамдар көрсетілген соң, оқушылар дастархан басында торттан дәм татып, бір-бірімен  танысты, тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты.

651265165  635206520352

Конкурстың соңында қазылар алқасы қатысушылардың өнерін жоғары бағалап, біздің команда жоғары марапатқа ие болды.

 

ТЖ жөніндегі директордың орынбасары: Джагупарова А.З.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж