Басты бет

Екі жұлдыз PDF Print Email

2016 жылғы 30 наурызда Технологиялық колледжде «Екі жұлдыз» атты бірінші музыкалық фестиваль өткізіліп, бұл оқиға колледж өмірінде елеулі оқиға ретінде есте қалды. Бұл шараны ұйымдастырған колледж педагог-психологы Жумабаева Алма Касымовна және ТЖ жөніндегі директордың орынбасары Джагупарова Айсулу Зайкеновна. Фестивалге колледж оқушылары қатысты.

215165

 

 Айсулу Зайкеновна, Илона және Бекболат арасындағы пікір алмасу  көрермендердің қатысушыларға деген қызығушылығын арттыра түсті.

 5486263263  648648638156

Келесі музыкалық композициялар колледж педагог-психологы  А.Қ.Жумабаева және оқушы Е.Қабдылманап  ( «Екі жұлдыз» әні), арнайы пәндер оқытушысы М.К.Матанова және оқушы С.Адилханова ( «Құрбым» әні), арнайы пәндер оқытушысы Ж.Ж.Рысбаева және оқушы  М.Абсадық ( «Егіз лебіз» әні) орындауында көрермендер назарына ұсынылды.

 

 6126385632

Тамаша лезгинка биін арнайы пәндер оқытушысы А. Г. Султанова және оқушы Е. Тасбулатов орындап,  «Көрермендер көзайымы жүлдесін» жеңіп алды.

 

«Алло» әнінің сахналық қойылымын арнайы пәндер оқытушысы К. С. Сулейменова және оқушы Ж.Ахметтің орындауы барлық көрерменді баурап алды.

6486845.jpg

Осымен қатар, келесі әндер орындалды: арнайы пәндер оқытушысы А.С. Сапаргалиева және АУП-21 тобының студенті Е.Бөжен  (  «Бәрі жақсы болады» әні);  химия пәні оқытушысы А.А.Сулейменова  және П-23 тобының студенті Абдирахимова Бегзода ( «Махаббат» әні).

 

 94563962685.jpg

Конкурс жеңімпаздары қошеметке ие болып, ду қол шапалақ көпке дейін тыйылмады. Ал арнайы пәндер оқытушысы И.Е.Секенов және П-23 тобының студенті Ермағанбетова Арайлымның орындауында шырқалған  «Алматының түндері» әні естен кетпесі анық.

 

 

 

Іс-шара жоғары деңгейде өтті.  Көрермендер ұйымдастырушылар мен конкурсқа қатысушыларға алғыс айтып, шығармашылық табыстарға жетулеріне тілек білдірді.

 

Педагог-психолог:                                               А.Жумабаева

ТЖ жөн-гі дир-ң орынбасары:                         А.Джагупарова

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж