Басты бет

«Жайдарман» студенттер арасында PDF Print Email

Облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде  «Серпін-2050» жобасы бойынша білім алатын студенттер арасында көктемгі «Аламан» фестивалі шеңберінде алты іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

2016 жылғы 13 сәуірде  Павлодар технологиялық колледжінде  жоспарланған іс-шаралардың бірі - «Жайдарман» КТК өтті. Павлодар технологиялық колледжінің 3 курс студенті, «ПМТК.kz» командасының капитаны Самат Кульдиев «КТК – бұл ұжымдық театрландырылған шығармашылығы, интеллекті дамыту, эстетикалық тәрбие арқылы оқушылардың бос уақытын ұйымдастырушы танымал талантты жастардың халықаралық қоғамдық бірлестігі» - деп, өз пікірін білдірді.

 

«Жайдарман» ойынына Павлодар бизнес колледжінің «Бизнес» командасы, Павлодар технологиялық колледжінің «ПМТК.kz» командасы, Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінің «ПСЖ» командасы, Павлодар көлік және коммуникацялар колледжі – «Теміржолшылар», «С.Торайғыров атындағы ПМУ, «Автоңұр» командасы, Павлодар химиялық-механикалық колледжі – «ПХМК жастары», барлығы 37 студент қатысты.

Қазылар алқасы құрамында болған Ш.О.Бектурганова –  Технологиялық колледжі, ОІ жөніндегі директордың орынбасары, Сарыбасов Жанат  –  оқытушы, Красноармейка аграрлық-техникалық колледжі, Алибек Танат –  КТК жоғары лигасының мүшесі, Тентектер Юнайтед командасының капитаны, Дарын – бас сардар, қатысушыларды әділ бағалады.

  

Конкурсқа қатысу үшін командалар ерекше дайындық жасады. Конкурс қорытындысы бойынша гран-при -  Павлодар мемлекеттік  педагогикалық институты, І орын –Павлодар технологиялық колледжінің командасы, ІІ орын - Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі, ІІІ орын -  Павлодар бизнес-колледжінің командасы жеңіп алды.  Жеңімпаздар дипломдар және жүлделермен марапатталды.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж