Басты бет

Балқаш қаласындағы ғылыми-практикалық конференция PDF Print Email

Ғылыми-практикалық және шығармашылық іс-шараларға қатысу Павлодар технологиялық колледж  оқушыларының дәстүріне айналды.Өз зерттеушілік дағдыларын дамытқысы келетін студенттер саны жылдан жылға артып келеді.        

 2016 жылғы 22 сәуірде Павлодар технологиялық колледж оқушылары «Ғылым, білім және өндіріс интеграциясы – Ұлт Жоспарын жүзеге асыру негізі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция Политехникалық колледжде «Қазақмыс» корпорациясы және Балқаш қаласындағы ҚР БҒМ «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ бірігіп өткізді.                                                                                          

Конференцияға қатысушылар ғылыми жобаларын екі секцияда көрсетті:

 - Болашақ энергетикасы – ЭКСПО-2017 инновациялық тренді.

– «Қазақстан:тарих және қазіргі заман» табиғатты ұтымды пайдаланудың инновациялық технологиялары.

Біздің студенттер конференцияға екі жоба ұсынды.Ғылыми жетекшісі Павлодар технологиялық колледжінің оқытушысы А.Қ.Булумбаев.

Студенттер А.Гайсин және А.Капшукова, П-11 тобы, «Павлодарда эко-көгалдандыру өнімі ретінде бонсай өсіру жолымен абаттандыру және қоршаған ортаны сақтау» тақырыбында жобаларын ұсынып, II - дәрежелі Дипломмен марапатталды.

А.Топтун, және Ж.Камиева, ПП-11 тобы, «Энергия үнемдейтін асфальтті шамдарды орнату арқылы тұрғындарды әлеуметтік-экономикалық қолдау» атты жобасы үшін қатысушы сертификатына ие болды. 

 

 

 

51985263

 

938598458888

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж