Басты бет

«Қазіргі замандағы жаратылыстану ғылымдары» PDF Print Email

2016 жылғы 26 сәуірде Павлодар технологиялық колледжінде облыстық білім беру басқармасының қолдауымен облысымыздың 20 колледжінен 30-дан астам студенттер қатысқан «Қазіргі замандағы жаратылыстану ғылымдары» атты химия, биология және экология пәндері бойынша облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 Колледж директоры Қ.Капенов пленарлық отырыста конференцияға  қатысушыларды құттықтап, Павлодар облысы білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Ж.Калиева колледж басшылығына және Павлодар облысы химия және биология оқытушыларының облыстық  әдістемелік бірлестігінің  төрағасы, конференцияны ұйымдастырушы Г.С.Аспановаға құттықтау сөзімен алғысын білдірді.

6516385639852   6312631263512

              Секцияларға төрағалық етуге Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының география және химия кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Р.Ж.Муканова, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің география және туризм кафедрасының ассоциацияланған профессоры, геология-минералогиялық ғылымдардың кандидаты Г.Ж.Ажаев,  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, биология ғылымдарының кандидаты А.К.Оспанова шақырылды.

3156531635

«Биология» секциясында  I орын алған  Павлодар музыкалық колледжінің студенті А.М.Казбеков, оқытушы: А.Карашина, II орынды  Павлодар теміржол колледжінің студенттер тобы С.Гиришин, Е.Ярков, Н.Гурушкин, Т.Дүйсембек, Ж.Байбәкір, оқытушысы: Т.А.Мулярчик, III орын  - Павлодар технологиялық колледжінің студенті Д.Смирнова жеңіп алды, оқытушы: А.А.Сулейменова.  «Химии» секциясында I орынды  химия-механикалық колледж студенті П.Шеповалов жеңіп алды, оқытушысы: А.В.Назаренко, II орынға  химия-механикалық колледж студенті А.Якушенко ие болды, оқытушысы: А.В.Назаренко, III орын  Павлодар теміржол колледжінің студенттеріне берілді -  А.Беллер, Е.Герлин, оқытушы: Т.А.Мулярчик.

6526532352  65163852444

«Экология» секциясында  I орын алған Екібастұз құрылыстық- техникалық колледжінің студенті А.Айфольд, оқытушы: А.М.Жамнова, II орынды К.Пішембаев атындағы Екібастұз тау-техникалық колледжінің студенті К.Досмухамбетов, оқытушысы: Г.Ж.Садыкова, III орынды Баянауыл аграрлық-техникалық колледжінің студенті А. Орынбай жеңіп алды, оқытушысы: Қ.Ы.Смагулова.

684163845635

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж