Басты бет

«Педагогикалық марафон» конкурс-фестивалі PDF Print Email

 Облыс білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік кабинеті 2016 жылғы 29 сәуірде Павлодар технологиялық колледжінде «Педагогикалық марафон» конкурс-фестивалін өткізді.
Конкурсты өткізудің мақсаты жастар арасында оқытушылардың беделін арттыру, тәлімгерлікті ұйымдастыруда инновациялық технологияларды қолдану және тарату.

4866523696


Жас мамандар және олардың тәлімгерлерінің өзара іс-қимылдарын қазылар алқасы бағалады, қазылар алқасының құрамында Павлодар облысы білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Бақытгүл Төлегенқызы Аушахманова, «Павлодар облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалының кәсіби дамытудың психологиялық-педагогикалық сипатты кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Қалиасқарқызы Шабажанова, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Психология» кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор, Ботагөз Ғабдоллақызы Сәрсенбаева болды.

938459638452638


Конкурс бірнеше кезеңде өтті. Бірінші кезең - «Педагогикалық шеберлік презентациясы». Конкурс қатысушылары өздерінің өздігінен талданған «Ашық сабақтарының» бейнелерін жіберді. конкурсқа қатысушылардың сабақтары қызықты да, керемет өтті. Жас педагогтар оқытудың заманауи технологияларын меңгерген, түрлі интерактивті технологияларды, оқытушылар мен студенттердің өзара іс-қимылын көрсетті. Қазылар алқасы сабақтың қойылған мақсаттары мен міндеттерінің анықтығы мен нақтылығын, оқытушының білім алушылармен қойылған мақсаттар мен міндеттер кезеңінде, оқу тапсырмаларын, сұрақтарын, жаттығулар сипаттамасын: проблемалық зерттеушілік, репродуктивті үлгі бойынша (тапсырмаға байланысты), сабақ мазмұнын таңдаудағы дәлелдер, сабақты оқыту құралдары мен әдістерінің (әдістемелік және психологиялық-педагогикалық аспектілер) өзара іс-қимылын бағалады.
Екінші кезең «Педагогикалық калейдоскоп» - жас педагог және тәлімгердің өзара іс-қимылы бойынша жұмыс тәжірибесін презентациялау. Аталған кезеңде, шығармашылық үй тапсырмасын орындаудың шынайылығы, креативтілігі, ерекшелігі, көрнекілігі, логикалық аяқталуы ескерілді.

                                          6516385   6841265555899

                                               6534819638


Соңғы қорытынды кезеңі «Педагогикалық марафон» - конкурсқа қатысушылардың ситуациялық тапсырмаларды шешуі. Конкурс қатысушылары педагогикалық міндеттерді, қарастырылатын проблемалардың шығармашылық тәсілдерін шешудің шынайы әдістерін, ойлау қабілеттерін көрсетті.

94896846  3564865845


Конкурстың ең тебірентер бөлігі қорытындылар шығару еді. Осылайша, қазылар алқасының шешімі бойынша І дәрежелі дипломмен Успен аграрлық-техникалық колледжінің биология пәнінің оқытушысы Диана Серікқызы Қабиева және әдіскер Ольга Сарсенбаевна Юсупова марапатталды, ІІ дәрежелі дипломмен Павлодар бизнес колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Айдана Мұратқызы Жақтай және Клара Зекенқызы Қасым, ІІІ дәрежелі дипломға К. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Жадыра Жақанқызы Еламанова және арнайы пәндер оқытушысы Лаура Саукенқызы Батырхановалар лайық деп танылды.
Конкурс қорытындылары бойынша барлық жас педагогтарға және олардың тәлімгерлеріне сертификаттар табыс етілді.

64863845 68468223

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж