Басты бет

Солдат ботқасы фестивалі!!! PDF Print Email

Павлодар технологиялық колледжі Отан қорғаушылар Күні мерекесі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 71 жыл толу мерекесі шеңберінде өткізілген қалалық мерекелік іс-шараларға қатысты.

 

 

 

 

2016 жылғы 9 мамырда Павлодар қаласының Мәдениет басқармасы Солдат ботқасы фестивалін өткізді.Қаланың оқу орындарының командалары солдат ботқасын әзірлеуде сайысқа түсті. Біздің колледждің оқушылары қарақұмық ботқасын №532 ас мәзірі жинағына сәйкес әзірлеп, дастарханды соғыс жылдарға сай безендірді. Әскери үлгідегі киім командалардың ерекшелігін айқындап, жауапкершілік сезімін арттыра түсті.

Колледж жыл сайын осы тақырыптағы  іс-шараларға қатысады. Колледж командасына  2 курс оқушылары қатысты. Балалар үшін бұл ұмытылмас сезім, маңызды сынақ болды. Конкурсты дайындауға  өндірістік оқыту шебері Данкина Айгерім Қаршығаевна зор үлес қосты.Оқытушының жетекшілігімен барлық тәтті тағам пісірілді. Конкурстың қорытындысы 12 мамыр, сағат 12-де «Колос» балалар орталығында белгілі болмақ.

16534341352163512

96849684636563

2516454445565

 Сондай-ақ, колледж оқушылары  қаланың орталық алаңында өткен мерекелік іс-шараға қатысты.  1 курс қыздары, барлығы 20 адам,  9 мамырға арналған театрландырылған көрініске қатысты.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж