Басты бет

Павлодар ауданы мектептерінің әскери-патриоттық клубтары жанындағы әскери-тарихи үйірмелердің ғылыми-зерттеу қызметі PDF Print Email

14 мамыр сағат 15.00-де Павлодар технологиялық колледжінің базасында «Павлодар ауданы мектептерінің әскери-патриоттық клубтары жанындағы әскери-тарихи үйірмелердің ғылыми-зерттеу қызметі» тақырыбында семинар-практикум өтті.Іс-шараны Павлодар ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Бағлан Ахановна Забиева ашты.Технологиялық колледждің АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы С.С.Саденов  «Ғылыми-зерттеу экспедициясы» тақырыбы бойынша баяндама-таныстырылым жасады.Ғылыми-зерттеу қызметінің келесі мәселелері талқыланды: а)ғылыми-зерттеу экспедициясының құжаттамасы;б) ғылыми-зерттеу экспедициясын жабдықталуы; в)нысанды топографиялық орналастыру әдісі;г) метал-детектормен жұмыс әдісі. «1715-1815ж.ж.кезеңдегі Ертіс майдан шебі» тақырыбында ғылыми жобасын (1716ж. Лебяжі бекінісі ) 2015 жылғы ғылыми-зерттеу экспедициясының қатысушысы , Технологиялық колледжінің П-21 тобы оқушысы Сизова Ангелина ұсынды.

 

615265265  6126415635

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж