Басты бет

1 қыркүйек PDF Print Email

1 қыркүйекте Павлодар технологиялық колледжі өз оқытушыларын, ата-аналарды және студенттерін қарсы алды.                        

1584168454454212  61268415235                                        

Қазақстан Республикасындағы Тәуелсіздіктің 25-жылдығы және ҚР Конституция Күніне орайластырған Білім Күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Тәуелсіздіктің 25-жылдығы  мерейтойы жалпыұлттық келісімнің айрықша моделі «Мәңгілік Ел» ұранымен өткізіледі.Осыған орай, елімізде және облысымызда әр түрлі  азаматтық теңдік, төзімділік, адалдық, патриоттықты дамытуға бағытталған бағдарламалар мен іс-шаралар өткізілуде.Біздің қалада көрмелер, конкурстар, фестивальдер, экскурсиялар сайыстар және турнирлер ұйымдастырылды.

526846385

Біздің колледж оқушылары қалалық, облыстық және халықаралық конкурстар мен сайыстардың бірнеше мәрте жүлдегері.Бағдарлама және іс-шаралар жоспары біздің біртұтас білімді ұлт болуымызға және Отанымыздың гүлденуіне үлесімізді қосуға бағытталған.

Колледж директоры Қабылқақ Қабдыл-Манапұлы Капенов, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Шолпан Орынбековна Бектурганова білім алушыларды құттықтап, оқуда сәттілік пен жетістіктер тіледі.Балаларымен бірге келген ата-аналар да тілектерін білдірді. Бірінші курс студенттері мен мереке қонақтарына болашақ колледж талапкері, 4 сынып оқушысы Ви Анитаның орындауында ән шырқалды. Салтанатты жиынның сиқырлы сәті  - алғашқы қоңырауды берген жылдың үздік оқушысы Сұлтаналиева Азиза және жас қонағымыз Ви Анита болды.

11256655

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж