Басты бет

«Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасы PDF Print Email

Біздің колледжде «Ұрпақ+» мәдени білім беру жобасы оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Аталған жобаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасындағы Тәуелсіздіктің 25-жылдығы аясына сәйкес келгендіктен, жалпыұлттық келісімнің айрықша моделі «Мәңгілік Ел» ұранымен өткізіледі.Осыған орай, елімізде және облысымызда әр түрлі  азаматтық теңдік, төзімділік, адалдық, патриоттықты дамытуға бағытталған бағдарламалар мен іс-шаралар өткізілуде.Біздің қалада көрмелер, конкурстар, фестивальдер, экскурсиялар сайыстар және турнирлер ұйымдастырылды.Біздің колледж оқушылары қалалық, облыстық және халықаралық конкурстар мен сайыстардың бірнеше мәрте жүлдегері.Бағдарлама және іс-шаралар жоспары біздің біртұтас білімді ұлт болуымызға және Отанымыздың гүлденуіне үлесімізді қосуға бағытталған.14 қыркүйекте студенттік кеңес төрағасы Култаева Ұлмекен семинарда «Ұрпақ +» мәдени жобаны жүзеге асыру» тақырыбында баяндама жасады.Бұл семинар 2016 жылғы 24 қыркүйекте «Хабар» телеарнасында көрсетілді.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж