Basty bet

Ерлік сабағы PDF Print E-mail

13.10.2016  Павлодар технологиялық колледжінің студенттері Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Ерлік сабағы өткізілген болатын. Ерлік сабағының құрметті қонақтары «Панфиловшылар» зерттеу отряд басшысы Утепов Б.Қ, «Ауған соғысының және Павлодар облысының жергілікті соғысының ардагерлері мен мүгедектері»ҚБ төрағасы БакумбаевТ.Ж, ҚҚ «Павлодар қаласы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер ардагерлерінің кеңесі» төрағасы Каратаев Ж.К болды. Ерлік сабағының модераторы Павлодар қаласы № 30 мектебінің алғашқы әскери дайындық мұғалімі Ыдырысов Абзал Жанбырбайұлы болды.

7864538563  639563946

Абзал мырза өзінің алғысөзінде студенттерді өз елінің патриоты және өз елінің мақтанышы болуға шақырды. Ерлік сабағында «Панфиловшылар» зерттеу отрядының басшысы Утепов Б.Қ сөз сөйлеп,  зерттеу отрядының Мәскеуде ресейліктермен бірге құнды жәдігерлер іздестіргендігі туралы айтты. Мәскеуден әкелінген құнды жәдігерлерді студенттерге көрсетіп, қызығушылықтарын оятқан болатын. Бакумбаев Т.Ж және Каратаев Ж.Қ студенттерге өз ізгі тілектерін айтып жастарды ұйымшыл болуға, бірлікте болуға шақырып, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Ерлік сабағының соңында студенттерде Отан деген не? Патриотизм дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтарға біздің колледжіміздің студеттері П-22 тобынан Шыңғысқызы Айгерім және ТМП-21 тобынан Тоқберген Нұрдәулет өз ойларын айтты. Өткізілген Ерлік сабағынан біздің студенттеріміз жақсы әсер алды.

968463845   63845638452  53841526384526

784563563486784

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж