Серпін-2050!!! |
27.03.2017 жылы Павлодар технологиялық колледжіне Халықаралық бағдарламалар орталығы, «Серпін-2050» АҚ ұлттық жобалар басқармасының басшысы Тобатаева Күлзия Қадырқызы және «Бір белбеу – бір жол» әлеуметтік жобасы басқармасының президенті, «Хумей Цзянсу» АҚ басшысы Су Хуэйцзюнь келді. Қонақтар колледждегі заманауи жабдықталған оқу кабинеттері мен зертханаларды аралап, оқу орнының материалдық базасы және жатақханамен танысты. «Серпін-2050» атты жобасы бойынша оқитын студенттермен жиналыс өткізіп, қонақтар студенттердің сұрақтарына қанағаттанарлық жауап берді. Ал студенттер өзекті сұрақтарына тиімді жауап алғандарына ризашылықтарын білдірді.
|