Basty bet

Тілі төрдегі елдің –туы төрде !!! PDF Print E-mail

Қазақстан халқы ассамблеясы, «Нұр –Ана» әлемі қоғамдық бірлестігі,облыстық тілдерді дамыту жөніндегі білім басқармасы бірлесіп, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Павлодар технологиялық колледжінде өзге ұлт жастары арасында мемлекеттік тілді білу мақсатында «Асыл сөз» сайысы өткізілді.Сайыстың негізгі мақсаты өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.Байқауда сайыскерлер қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіріп,шешендік өнерге баулуда ақын –жазушылардың шығармаларынан үзінді оқыды. 

 

EGyPh-9tkrQ.jpg   PVTpgPQt80M.jpg
Сайысқа тілді сүйемін,білемін,үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен әр топтан І – ІІ курс оқушылары арасынан 9 үміткер қатысты. ОларВоротынцев Владимир,Зайцева Любовь,Данилков Павел,Смирнова Дарья,Золотарев Алексей,Попова Светлана, Штенгауэр Артур, Колосова Анастасия,Андреев Рустам. Сайыскерлер көрермендер алдында жүрекжарды ізгі ниеттерін өз өнерлерімен тарту етті. 
Қазақстан Халықтар Ассамблеясы жанындағы «Нұр –Ана» әлемі қоғамдық бірлестігінің «Мейірімді келіндер» тобының мүшелері Жанкарина Айман Еркінқызы,Абдығалимова Шолпан Еркінқызы сайыста қазылар алқасы болып, оқушылардың өнерін бағалады.Сайыстың қорытындысы бойынша І орынға - Золотарев Алексей, ІІ -Андреев Рустам, ІІІ-орынға Данилков Павел ие болды. Жеңімпаздарға дипломмен сыйлықтар табыс етілді.Золотарев Алексей облыстық байқауға жолдама алды. 
«Тілі төрдегі елдің –туы төрде » дегендей тіліміздің мәртебесін жоғары көтерейік.Қазақ тілі асқақтап,өркендеп,қанатын,жая берсін . 

jyyZkp6oXnQ.jpg


Қазақ тілі оқытушылары: 
Абисаликова Раушан Каиржанқызы 
Сейткалиева Мира Саттарқызы

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж