Basty bet

«Мәңгілік ел» әскери-патриоттық әндердің конкурс-фестивалі PDF Print E-mail

 «Мәңгілік ел».  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, Отанымызға деген патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында, Павлодар қаласы колледждері арасында «Мәңгілік ел» әскери-патриоттық әндердің конкурс-фестивалі өтті.

Естай атындағы қалалық Мәдениет сарайында өткізілген ақтық сайыста 58 қатысушылардан 10-ны ғана мәреге жетті.Бұл жеке орындаушылар, дуэттер және триолар.Оның ішінде біздің колледжіміздің 1 курстың ЭП-111 тобының оқушысы Шаки Мариям бар.

Шаки Мариям  Павлодарға  Қызылорда облысынан «Серпін» бағдарламасымен оқуға келді. Келешекте мамандығы бойынша жұмысқа орналасу арманы. Өз елінің патриоты, бұл сезімін әндері арқылы білдіреді.Конкурста «Қазақ елі осындай» әнін орындады.

Конкурс қорытындысы бойынша, Мариям грамотамен және естелік жүлдемен марапатталды!

    

57435265.jpg16835412.jpg653126252.jpg

ТЖ жөніндегі директордың орынбасары  А.З.Джагупарова 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж