Basty bet

Еттен майдаланған табиғи жартылай өнімдер дайындаудың технологиялық үрдісі! PDF Print E-mail

22 қараша 2017 жылы Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінде, Тағам дайындау технологиясы пәнінен бірінші курс студенттері П-111 тобының оқушыларының қатысуымен «Еттен майдаланған табиғи жартылай өнімдер дайындаудың технологиялық үрдісі» тақырыбына оқытушы Рысбаева Жанна Жақсылыққызы ашық сабақ өткізілді. 

185635412365.jpg


Жүйелі түрде құрастырылған сабақ: СТО сыни тұрғыда ойлау тәсілімен жүргізілді. Стикер әдісі бойынша Бес топқа бөлінген оқушылар сабақ барысын өздігімен оқып, постер бетіне алған білімдерін суреттеп топ алдында түсіндірді. 
Сабақ барысында тақырыпқа сай есептер шығарып, шабылған ет шала фабрикаттарының тиімді және тиімсіз жақтары талқыланды. 

94865312.jpg


Сабақты қорытындылау ВЕНН диаграммасы арқылы жүргізілді. Топ басшылары бағалау парағы бойынша қорытынды бағаны айтып оқытушымен талқылады. Үй тапсырмасы берілгеннен кейін білім алушылар үш түрлі стикер бойынша сабақтан алған әсерлерін БББ (Білем/Білдім/Білгім келеді) тәсілімен білдірді.
Ашық сабаққа қатысқан әріптестер өздерінің оң бағаларын берді.
Арнайы пәндер оқытушысы: Рысбаева Жанна Жақсылыққысы.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж