Basty bet

«Тарих білгірлері» интеллектуалды сайысы! PDF Print E-mail

Павлодар технологиялық колледжінде әлеуметтік-экономикалық пәндерінің декадасында 2017 жылдың 6 желтоқсанында ТМП-31 тобының «Тарих хатшылары » және ЭП-111 тобының «Қазақстан патриоты» атты командалар арасында «Тарих білгірлері» интеллектуалды сайысы өтті. Бұл сайыс бес кезеңнен ұйымдастырылды: «Топты таны», «Кім жүйрік», «Матемтикалық лото», «Каhoot бағдарламасын шебер пайдалану», «Тарихи жұмбақтар», «Суреттер сыр шертеді». Сайыс кезінде екі команда да өздерінің сегіз қырлы бір сырлы екендерін көрсетіп, сайыстың қорытындысы бойынша І орынды «Тарих хатшылары» ТМП-31 жеңіп алса, ІІ орынды «Қазақстан тарихы» ЭП-111 тобы алды. Сайыс соңы ЭП-111 тобының студенті Әбдіғаппар Елдос пен ТМП-31 тобының студенті Сайлаубек Ғабиттің тартысты айтысымен аяқталды.

1653412635412.jpg948653486.jpg653413654125.jpg1634513685412.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж