Basty bet

Кәсіптік білім берудегі педагогикалық кадрлар тобы Ұлыбритания мемлекетінде Шетелдік тағылымдамадан өтіп келді PDF Print E-mail

Үштілділік - заман талабы. Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі » деген болатын.

photo_2018-02-15_11-46-25.jpgphoto_2018-02-15_11-45-58.jpg


Бүгінгі таңда Елбасымыздың үш тұғырлы тіл саясаты салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Соның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, техникалық және кәсіптік білім берудегі педагогикалық кадрлар тобы Ұлыбритания мемлекетінде Шетелдік тағылымдамадан өтіп келді.  Аталған тағылымдамаға Павлодар облысынан Павлодар технологиялық колледжінің оқытушысы Қанағатова Мақпал Серікжанқызы қатысты. Тағылымдама Глазго қаласының Глазго Каледониялық  университетінде педагогикалық кадрлардың ағылшын тілі деңгейін арттыру және кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіруді көздейді. 

 

photo_2018-02-15_11-47-59.jpgphoto_2018-02-15_11-47-19.jpgphoto_2018-02-15_11-47-43.jpg


Қанағатова М.С. елге оралған соң шет елден үйреніп келген тәжірибесін әріптестеріммен бөлісе отырып, колледжішілік «Үш тілді оқытуды дамыту бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында семинар» семинар-тренинг өткізді.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж