Basty bet

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Мейірімділік пен шығармашылық педагогикасы» атты айлық PDF Print E-mail

2018 жылдың 1-14 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Мейірімділік пен шығармашылық педагогикасы» атты айлық жоспарланды.  Айлықтың мақсаты:  Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге ,ата –анасына ,ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік ,ізгілік қасиеттеріне тәрбиелеу,  жылы сөздердің мағынасын аша отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.  Өзін –өзі тану: «Мейірімділік пен шығармашылық педагогикасы» айлық аясында оқушылардың күшімен «Құлақтан кіріп бойды алар» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді.

6345163485213512565645.jpg


Кеште Сара Алпысқызының туған күніне орай өмірі мен қызметі туралы таныстырылып,Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қоры туралы слайдтар көрсетілді.Үйірме мүшелері ПП -011,П -011 тобының қатысуымен бауырмалдық,сүйіспеншілік,достық секілді  ізгілік қасиеттерге арналған  ақындардың өлеңдері оқылды. Кештің соңында белсенді қатысқан оқушыларға «Алғыс хат»  табыс етілді..
Бәйтерек үйірмесінің жетекшісі:Сейткалиева М.С.

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж