Basty bet

Қош келдің, әз Наурыз! PDF Print E-mail

2018 жылдың 20 наурыз айында Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінде, П-111 және ЭП -111 топ оқушылары мен сынып жетекшілері: Рысбаева Ж.Ж. мен Шушпаева А.Ш және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Джагупарова А.З. ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік сахна қазақ ұлттық дәстүріне сай кереге керіліп, ұлттық құндылықтар қойылып, дастархан төселіп,ерекше безендірілді.

Мерекенің ашылу салтанатын колледжіміздің директоры Капенов Кабылқақ Кабдыл-Манапұлына құттықтау сөзімен бастады. Жұлдыздар жерге жақындап Күн менен түн теңескен Наурыз мерекесіне арналған іс-шара оқушылардың өнерімен жалғасты. Ұлыстың ұлы күніне арналыған өлеңдер оқылып, домбыра тартылып, ән шашулар мен би өнері тамашаланды.

 684565431.jpg64664645656.jpg67845645345345.jpg

 

 

Барша түркі тілдес халықтардың ұрпақ жалғастырушы, береке мен молшылық тәңірісі «Ұмай ана» сахнаға шығып тілек айтып шашу шашты.

 

Наурыз мерекесіне арналған мерекелік салтанат арқан тарту, зіл темір көтеру сынды көрермендер сайысымен жалғасып, жеңімпаздарға жүлделі сыйлық берілді.

Сонымен қелген қонақтарды оқушылар өз қолдарымен жасалған наурыз гүлі «Қызғалдақ» силады.

6866456453.jpg

 

Мерекелік іс-шарада ұлттық тағам наурыз көже, бауырсақ, тәттілер таратылып, келген қонақтар ауыз тиді.

П-111 және ЭП-111 топтарының ұйымдастырған наурыз мейрамы қызықты әсерлі ұйымшылдықпен өтіп, мерекенің соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

 

 

 

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж