«Отбасы – бақыт мекені» республикалық аптасы |
|
|
|
6-14 қыркүйекте Павлодар технологиялық колледжінде «Отбасы – бақыт мекені» республикалық аптасына орай түрлі іс-шаралар өткізілді. Барлық курстарда сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты: бала тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру, оқушылардың отбасы, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Сынып сағаттарының тақырыптары: «Отбасы және отбасы құндылықтары», «Отбасы менің байлығым», «Мен және менің отбасым» және т.б. Сынып сағаттарында оқушылар өз отбасылары және отбасының дәстүрлері, мерекелері мен мейрамдары туралы сүйсініп айтты. Отбасы туралы мақал-мәтелдерді білу бойынша жарысты. «Отбасындағы қуанышты сәттер» тақырыбында фотоконкурс өтті. Білім алушылар өздерінің отбасымен өткізген бақытты шақтарының фотосуреттерімен стендті безендірді. «Отбасым менің қуатым» - атты флешмоб өткізілді. Оқушылар түрлі би өнерлерін көрсетті. Іс-шара үйдегідей шуақты, әсерлі болды. Қонақтардың жүздерінде күлкі ойнады.
![photo_2018-09-13_17-20-27.jpg](/images/photo_2018-09-13_17-20-27.jpg) ![photo_2018-09-13_17-20-28.jpg](/images/photo_2018-09-13_17-20-28.jpg) ![photo_2018-09-13_17-20-26.jpg](/images/photo_2018-09-13_17-20-26.jpg) ![photo_2018-09-13_17-20-25.jpg](/images/photo_2018-09-13_17-20-25.jpg)
|