Басты бет

«Тіл – баға жетпес мұра» кітап көрмесі PDF Print Email

Іс-шара Технологиялық колледждің оқу залында өтті. Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тіл – баға жетпес мұра» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кобайдарова Акмарал Нурашовна білім алушыларды әртүрлі тілдегі әдебиеттермен таныстырды. Іс-шараға 1-2 курс студенттері, оқытушылар мен кітапханашылар қатысты. Іс-шара жүргізушілері – ПП-011 тобының білім алушылары Толеубай Аида мен Ференс Яна – адам өміріндегі тілдің орны, ана тіл мен өзге тілдерді құрметтеу туралы қазақ және орыс тілдерінде айтып өтті. Конкурсқа 16 мәнерлеп оқушы қатысты, қазақ, орыс және шетел авторларының өлеңдері оқылды. Қазылар алқасы құрамына енген орыс тілі мен әдебиет оқытушысы Р.К Абисаликова., кітапхана меңгерушісі Г.К. Беисова, ағылшын тілі оқытушысы Г.И. Карибаева конкурстың үздік мәнерлеп оқушыларын атап көрсетті: 1 орын - Новик Влад (П-011) «Ты идешь, не замечая» атты өзі шығарған өлең, 2 орын (2 адам) – Ференс Яна (ПП-011) Л.Корнилов «Мне последнего слова не надо», Акунина Юлия (ПП-011) М.Крюков «Много языков на свете разных», 3 орын (2 адам) – Ермакова Карина (ПП-021) С.Клычков «Слова жестоки....», Тунубаева Диана (П-021) Ш.Кудайбердиевтің «Адамдық борышың» өлеңі. Іс-шара тек танымдық маңызға ие ғана емес, сондай-ақ жасөспірімдерді Қазақстан аумағында тұратын халықтардың тілін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелейді. Іс-шара ұйымдастырушылары – Сейткалиева Мира Саттаровнаны, Таукешова Майра Александровнаны отансүйгіштік пен интернационализмге тәрбиелеудегі қосқан үлесі мен шығармашылық тәсілдемелеріне алғыс айтқымыз келеді.

 

photo_2018-09-26_16-11-17.jpgphoto_2018-09-26_16-11-14.jpgphoto_2018-09-26_16-11-15.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж