Басты бет

Павлодар технологиялық колледжінің студенттері Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен «Ел жүрек-Астана» атты марапаттарды сыйлау салтанатына қатысты PDF Print Email

2018 жылдың 25 қыркүйегінде Павлодар технологиялық колледжінің студенттері Естай атындағы ҚМҮ өткен «Ел жүрек – Астана» марапаттарды сыйлау салтанатына барды, бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде және Астананың 20-жылдығына орай Павлодар облысы ішкі істер департаментінің ҚР ІІМ бірлесе ұйымдастырылды. Отансүйгіштік әндер конкурсында Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақтан облыстарының ІІД командалары, сондай-ақ қылмыстық-атқарушы жүйенің, төтенше жағдайлар мен мамандандырылған күзет жүйесі басқармасының командалары қатысты. Іс шараның басты мақсаты  - рухани және мәдени деңгейді көтеру, отансүйгіштік тәрбие, ұлттық мәдениет пен өнерге қатыстыру, ішкі істер органдары қызметкерлері арасында қазақстандық полицияның оң имиджін нығайту. Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталды: «вокалды-аспаптық ансамбль», «ұлттық аспаптар», «балалар вокалы». Аспапты игеру дәрежесі, әртістік қабілет, мәлімделген тақырыпқа костюмдер сәйкестігі, әннің орындалуы, қатысушылардың  вокалдық қабілеттері бағаланды. Ешкім елеусіз қалмады, барлық қатысушылар номинациялар бойынша мақтау қағаздары мен кубоктар алды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

 

 

photo_2018-09-27_17-05-08.jpgphoto_2018-09-27_17-05-09.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж