Главная страница

Поиск

Телефоны доверия

150

Телефон доверия по оказанию юридической, психологической и консультативной помощи детям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации

 

11616

Республиканский телефон доверия, доступный с городских и мобильных телефонов.

В случае выявления фактов жестокого обращения (бытовое насилие, трудовая и сексуальная эксплуатация)

«Мың бала» республикалық мәдени - ағартушылық жобасы аясында «Асыл сөз» сайысы PDF Печать E-mail

Тілі төрдегі елдің –туы төрде. Қазақстан халқы ассамблеясы, «Нұр –Ана» әлемі қоғамдық бірлестігі,облыстық тілдерді дамыту жөніндегі білім басқармасы бірлесіп, «Мың бала» республикалық мәдени - ағартушылық жобасы аясында Павлодар технологиялық колледжінде өзге ұлт жастары арасында мемлекеттік тілді білу мақсатында «Асыл сөз» сайысы өткізілді.Сайыстың негізгі мақсаты өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Байқауда сайыскерлер қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіріп,шешендік өнерге баулуда ақын –жазушылардың шығармаларынан үзінді оқыды. Сайысқа тілді сүйемін,білемін,үйренемін, ойға түйемін деген мақсатпен әр топтан І – ІІ курс оқушылары арасынан 8 үміткер қатысты. Олар:ШаиковаСнежана, Головко Александр,Симоненко Милена,Парыгин Алексей, Черевко Диана, Гилей Валентин, Кожевникова Анна, Ференс Яна.Сайыскерлер көрермендер алдында жүрекжарды ізгі ниеттерін өз өнерлерімен тарту етті. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы жанындағы «Нұр –Ана» әлемі қоғамдық бірлестігінің «Мейірімді келіндер» тобының мүшелері Абдығалымова Бақыт Еркінқызы,Абдығалымова Шолпан Еркінқызы сайыста қазылар алқасы болып, оқушылардың өнерін бағалады.Сайыстың қорытындысы бойынша І орынға –Черевко Диана, ІІ –Симоненко Милена, ІІІ- орынға Ференс Яна ие болды. Жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар табыс етілді.Черевко Диана облыстық байқауға жолдама алды. «Тілі төрдегі елдің –туы төрде » дегендей тіліміздің мәртебесін жоғары көтерейік.Қазақ тілі асқақтап,өркендеп,қанатын жая берсін .

photo_2018-10-18_16-42-21.jpgphoto_2018-10-18_16-42-47.jpgphoto_2018-10-18_16-42-59.jpgphoto_2018-10-18_16-43-04.jpg

 

 

Қазақ тілі оқытушылары:
Абисаликова Раушан Каиржанқызы
Сейткалиева Мира Саттарқызы

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж