Главная страница

«Павлодар облысының экология және табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы PDF Печать E-mail

19 қазан 2018 жылы С. Торайғыров Павлодар мемлекеттік университетінде «Павлодар облысының экология және табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда Павлодар технологиялық колледжінің ЭП-121 тобының студенттері: Өстамір Бағила, Ділдабекова Әсем, Балтабаева Балзия, Шарифуллаева Айжан және Сосақбаев Тұрар қатысты. Сонымен қатар Қазақстан, Ресей және Швецияның сарапшылары мен ғалымдары негізгі экологиялық проблемаларды және олардың шешімдерін талқылау үшін жиналды. Конференцияға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дәурен Махажанов, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бастығы Қадижан Сәтиев, Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Данияр Әлиев, сондай-ақ облыстың қоғамдық бірлестіктері мен өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Конференция жұмысы алты бөлімде жалғасты, 100 жуық ғылыми мақалалар жарияланды.

 

photo_2018-10-23_15-55-32.jpgphoto_2018-10-23_15-55-35.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж