«Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауы |
2018 жылғы 30 қазан күні Павлодар облысында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасы аясында «Мені шыңдаған Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауының ашылу салтанаты өтті. Байқаудың мақсаты – жұмысшы мамандықтарды жастар арасында дәріптеу, кәсіптік даярлық пен құзыреттіліктерін арттыру, «Серпін» студенттері арасында өз мамандығының үздігін анықтау.
Екі күн бойы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан үміткерлер өз кәсіби шеберліктерімен бақ сынасады. Республикалық кәсіби шеберлік байқауы 5 мамандық бойынша: ветеринария, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ауылшаруашылығын механикаландыру, тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру, экология және табиғатты қорғау қызметі құзыреттіліктеріне сай.
Байқау қатысушыларына сәттілік тілейміз. |