Басты бет

"Күз аруы - 2018" байқауы PDF Print Email

25 қазан Павлодар мемлекеттік технологиялық колледжінің жатаханасының мәжіліс залындар П-111 және ТМП-011 топтарының қатысуымен "Күз аруы - 2018" байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отырып, достыққа баулу.Кеш жоғарғы деңгейде өтті.

Байқауда бес бірдей аруларымыз өз бағын сынады:

1. Бакиева Альмира

2. Серікбай Мая

3. Черевко Диана

4. Саудабекова Эленора

5. Синченко Анна

Байқауды ЭП-121 тобының студнттеріӘбдігаппар Елдостың орындауында "Қымбатсың"   , Мұсахан Жадыра мен Өстемір Бағила "Неге" әнідерімен шымылдығын ашты. Кеш барысында аруларымыз 5 сайыс бойынша өз өнерлерін көрсетті. Бірінші сайыста аруларымыз өз өлеңдерімен көрерменнің көзайымына айналса, екінші айыста аруларымыздың шаш сәндеу қабілеттері сыналды, үшінші сайыста өз қолдарымен жасаған астарын төрешілерге ұсынды, төртінші сайыстар қыздардың билеу қабілеттерімен таныстық, бесінші сайыста төрешілеріміз аруларымыздың кешкі сәнді көйлетерін бағалады. Сайыс қортындысы бойынша "Көрермен көз айымы" номинациясын Бакиева Альмира ТМП-011, Черевко Диана ТМП-011 ие болса, "Ең әдемі ару" номинациясында Серікбай Мая П-111 үздік деп танылса, "Мисс Грация" номинациясына Синченко Анна ТМП-011 лайық деп табылды, бас жүлдені және "Күз Аруы -2018" титулына Саудабекова Эленора П-111 ие болды. Байқау соңы би кешіне жалғасты.

 

 

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж