Басты бет

Тактикалық алаң макетін құрастыру және оның сабақта қолданылуы PDF Print Email

Павлодар технологиялық колледжінің Алғашқы әскери дайындық кабинетінде АӘД оқытушысы Марат Алмасбекович Махаевтың тікелей басшылығымен білім алушылар («Жасбүркіт» әскери-патриоттық үйірмесінің қатысушылары) бірге тактикалық алаңның макеті құрастырылып, көрнекі-тақырыптық түрде рәсімделді, онда әскердің ұрыс іс-әрекеті театры көрінеді. Мұнда екі мотоатқыштар бөлімшелерінің ұрыс әрекеттерінің түрлері, жеке құрамның әскери саны, қару мен әскери техника көрнекі көрсетілген. Бұл макет білім алушылардың барынша көбін тарту арқылы сабақты қызықты және сауатты өткізуге мүмкіндік жасайды. Макет «Қорғаныстағы мотоатқыштар взводы» тактикалық дайындықтың тақырыбын толық ашады, сонымен қатар алғашқы әскери даярлық сабақтарында көрнекілік құралы ретінде сәтті пайдаланылады. Құрылғы мен дұрыс жете орналастыру макетті басқа да АӘД  оқытушыларының білім деңгейін арттыру мақсатында қолдануға және олармен көрсетімдік әдістемелік сабақтарды өткізуге, ал  қарапайым құрылымдық ерекшеліктер АӘД бойынша педагогтар мен білім алушылардың сауаттылық деңгейін арттыру және үшжақты байланысты (педагог-білім алушы- макет) құру мақсатында басқа оқу орындарында осындай көшірмелерді, прототиптерді жасау мүмкіндігін тудырады.

 

645пв65а645а.jpg

 
© 2008 Павлодарский технологический колледж